Жарнама
Жарнама

Черчесов шабуылшы керек дейді

Словенияға қарсы матчтың алдында бас бапкеріміз сұқбат берді. 

Жарнама
Жарнама

- Әзірше біз гол соғуға емес, допты ұстап тұруға үнемі кепілдік беретін біреуді тапқымыз келеді. Біз Жақсылықовты сынап көрдік – оның жағдайы жақсы болды, өйткені көп жүгіруге тура келді. Айымбетов жарақатпен келді, бірақ ол ертең ойнауы керек. Біз бұл туралы шағымданбаймыз, біз оны әдеттегі жағдай деп қабылдаймыз. Негізгі құрам туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз ойыншылардың физикалық жағдайына қарауымыз керек. Кейбір ойыншылар көп жүгіріп тастады. Соңғы ойынға қарағанда бір-екі өзгеріс болары анық. Команда деген команда ғой, топырлатып бәрін алмастыра алмаймыз», - деді Черчесов.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Жанкүйерлерге жақпады
Келесі жаңалық
Әбікеннің "крышасы" кім?