Жарнама
Жарнама

Черепанов: “Бапкерлер қателесті”

09.09.2025, 09:15

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Павел Черепанов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгиямен өткен ойынды "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында бағалады.

Жарнама
Жарнама

Черепановтың айтуынша, матчтың басы Қазақстан құрамасына сенім сыйлаған.

"Шынымды айтсам, Қазақстан Бельгиядан мұндай ірі есеппен ұтылар деп күтпедім. Әсіресе алғашқы минуттарда ойында қызық болды, бірнеше сәтті әрекет пен Самородовтың қауіпті соққысы бар еді." – деді ол.

"Үзіліске дейін біз қақпамызға екі гол жіберіп алдық. Бельгия өте шебер комбинациялар жасады. Бұл голдар ойынның тағдырын алдын ала шешіп тастағандай болды." – деп пікір білдірді Черепанов.

Маман Қазақстан құрамасының физикалық және тактикалық дайындығына күмән келтірді.

"Маған бапкерлік штаб дайындықта қателік жібергендей көрінді. Өйткені екінші таймда біздің ойыншылар мүлде тоқтап қалды. Сол сәттен бастап қақпаға голдар қарша борады.” – деді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров