[embed]http://www.youtube.com/watch?v=KrkHIU7A3QA[/embed]
Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында болған Черногория мен Ресей арасындағы кездесу 68 минутта тоқтатылды. Ойынның 1-минутында Черногория жанкүйерлері Ресей қақпашысы Игорь Акинфеевтің басына отшашу лақтырып, ойыншыны жарақаттаған болатын. Ойынның 66-минутында Роман широковтың 11 метрлік айып добынан кейін, алаң сыртына шыққан допты ойынға ауттан қосу мақсатымен барған Дмитрий Комбаровқа трибунадан пышақ лақтырылды – деп хабарлайды championat.com. Бұл оқиға дауға ұласып, екі команда ойыншылары кім мықтыны білектің күшімен шешпек болды. Осы оқиғадан кейін төреші ойынды тоқтатуына тура келді. ФИФА тарапынан бұл ойында Черногория құрамасына 0-3 есебімен техникалық жеңіліс беріп, айыппұл салуы мүмкін. Оған қоса келесі кездесулерін жанкүйерлерсіз өткізіледі деп күтілуде.