Сербиялық "Спартак Субботица" командасының негізгі шабуылшысы Стефан Денкович бүгін "Қайсардың" таңғы жаттығуына келіп қосылды.
Атақты "Црвена Звезда" клубының түлегі еуропалық клубтарда доп тепкен. Атап айтсақ, израильдік "Хапоэль Хайфа", сербиялық "Войводина", венгриялық "Пушкаш Академия", черногориялық "Сутьеска", "Бокель", беларуссиялық "Земун", польшалық "Завиша" командаларының намысын қорғаған.
29 жастағы шабуылшы соңғы үш маусым бойы Сербиялық "Спартак Субботица" клубында өнер көрсеткен. Футболшы әзірге қаралымда болмақ.
Айта кетейік, бүгін қызылордалық "Қайсар" Түркиядағы алғашқы кездесуін өткізеді. Қарсыласы - Македонияның үш дүркін жеңімпазы атанған "Шкендия" футбол клубы. Кездесу жергілікті уақытпен 17:00 де басталады.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET