Жарнама
Жарнама

Чесноков қосалқы құрамда қала ма? Шотландиялық басылым отандасымызға үкім шығарды

Бүгін, 17:45

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноков үшін Шотландияның “Хартс” клубындағы алғашқы қадамдары оңай болмай тұр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Соңғы сәтсіз ойыннан кейін жергілікті БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер Исламның негізгі құрамдағы орнына күмәнмен қарай бастады.

“Ливингстонға” қарсы өткен матчтан кейін Эдинбургтегі футбол сарапшылары Чесноковтың мүмкіндіктерін қызу талқыға салды. Бапкер Дерек Макиннестің оны екінші шабуылшы ретінде алаңға шығаруы күткендегідей нәтиже бермеген сияқты.

“Чесноковтың ойын стилі таза форвард позициясына мүлдем келмейді. Оның бойындағы басты қасиеттер қапталда ойнағанда ғана ашылады.” — деп жазды Edinburgh News порталы.

Жанкүйерлер де бұл пікірді қолдап, Исламның өз орнында емес екенін, оның табиғи дарыны тек оң қанаттағы жартылай қорғаныста жарқырайтынын айтып, наразылық білдіруде.

Алдағы “Мазервеллге” қарсы кездесуде Чесноковтың негізгі құрамда шығуы үлкен сұрақ белгісі болып тұр. Шотландиялық басылымдардың болжамы бойынша, бапкерлер штабы Ислам Чесноков пен Жорди Альтенаның арасында таңдау жасай алмай бас қатыруда.

Егер Ислам алаңға шығатын болса, ол бұрынғыдай шабуыл шебінде емес, өзіне үйреншікті оң қанатта өнер көрсетуі тиіс. Бірақ, “Ливингстонмен” болған сәтсіз ойыннан кейін бапкердің оған тағы да сенім артуы неғайбыл.

Шотландиялық басылымдар Исламға әлі де уақыт керек екенін, бірақ қате позиция таңдау футболшының мансабына кесірін тигізуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

“Хартс” жанкүйерлері Чесноковтан нәтиже күтеді, бірақ ол үшін бапкер ойыншыны өзінің “жайлы аймағына” — қапталға қайтаруы тиіс. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров