Ағылшын Премьер лигасының тірі аңызы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы және "Манчестер Юнайтед" клубының ресми елшісі Деннис Ирвин Ислам Чесноков туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Alim Live YouTube арнасына берген сұхбатында ол Қазақстандық футболшының заманауи ойын стилін ерекше атап өтті.
Ирвиннің айтуынша, Чесноковтың оң қанатта ойнайтын солақай футболшы болуы — қазіргі топ бапкерлердің басты талабы. Бұл позиция ойыншыға шабуылға белсенді араласуға және қауіпті соққылар бағыттауға мүмкіндік береді.
"Қазіргі футболда солақай ойыншының оң қанатта өнер көрсетуі — қалыпты жағдай. Бұрын да мұндай сұрмерген футболшылар болған. Ол шабуылға жылдам қосылып, гол соға алатын ойыншыға ұқсайды. Мен оған тек сәттілік тілеймін.” — деді Деннис Ирвин.
Біздің серіктес: FONBET