Қазақстанның премьер-лигасында біраз командада өнер көрсеткен нигериялық Чиди Осучукву енді Малай чемпионатында өнер көрсетпек.
Футболшы «ПДРМ» командасымен келісімшартқа отырды деген ақпарат бар. Нигериялық футболшы ҚПЛ-де «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» сынды командаларда ойнаған. Соңғы клубы – «Ақсу» болатын. Жалпы, Чиди Осучукву 52 матчқа қатысып, 5 рет нәтижелі соққы жасаған. Сондай-ақ, футболшы өзінің спорттық мансабында Португалия, Беларусь, Ресей біріншіліктерінде де өз бағын сынап көрді.
Естеріңізге сала кетейік, Чиди Осучуквудің жаңа клубы былтыр Малайзия кубогі жолында топ жарған болатын. Бұдан бөлек, «ПДРМ» – 2007 және 2007 жылдардағы Малайзия чемпионатының жеңімпазы.
Біздің серіктес: FONBET