Чиро Иммобиле «Лацио» клубының тарихына енді

15.03.2022, 16:37
Италиялық футболшы кеше өз командасына жеңіс сыйлады.

«Лационың» шабуылшысы Чиро Иммобиле клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

14 наурызда «Венециямен» болған кездесудің 58-минутында Чиро Иммобиле пенальтиді сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлады. Осылайша, италиялық шабуылшы римдік клуб үшін А сериясында ең көп гол соққан (144) ойыншы ретінде тарихқа енді.

«Лацио» дәл қазіргі сәтте 49 ұпай жинап, А сериясының турнирлік кестесінде 5-орынға көтерілді. Италия чемпионатының келесі турында «Лацио» «Ромамен» ойнайды.