Жарнама
Жарнама

ЧЛ ширек финалының қарымта ойындарына болжам

15.04.2025, 16:50

«Астон Вилла – «ПСЖ»

ЧЛ ширек финалының қарымта ойындарына болжам
"Барселона" футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Бирмингемдік клуб үшін бүгін өте қиын кездесу болады – Париждегі екі голдың есесін қайтару керек. Унай Эмеридің командасы «ПСЖ-мен» өткен бірінші ойында жаман көрінген жоқ: бірінші болып есеп ашты, алайда жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Енді бүгін Эмери шәкірттерінің тағы бір мүмкіндігі бар.

«Астон Вилла» үшін дәл қазір жауапты кезең – АПЛ-де команда үздік бестік қатарына кіруді көздейді. Бесінші тұрған «Манчестер Ситиден» бірақ ұпайы кем. Париждегі ойыннан кейін «Астон Вилла» «Саутгемптонды» сырт алаңда 3:0-мен ұтып келген болатын.

«ПСЖ» негізгі кезеңде үздік сегіз клубтың қатарына іліне алмады. Алайда, «Брест» пен «Ливерпульден» айласын асырып, ширек финалға дейін жетіп отыр. Мұндағы қарсылас осал емес – Парижде Луис Энрике жаттықтыратын алаң иелері соншалықты бір басым көрінбеген еді. Тек өздерінің мүмкіндіктерін мүлт жібермей, тиімді есепке қол жеткізе алды.  «ПСЖ» Франция чемпионатында алдын-ала топ жарып қойған десе де болады. Луис Энрике шәкірттері өткен демалыста тынықты, демек бар күшті Бирмингемдегі ойынға сақтап отыр деген сөз.

Болжам – бұл ойының жалпы тоталы 3-тен көп болады. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде сіздер бұл нұсқаға 1.85 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.

«Боруссия» Дортмунд – «Барселона»

Нико Ковачтің командасына биылғы ЧЛ осымен аяқталатын сыңайлы – Барселонадағы 4 голдың есесін қайтару мүмкін емес сияқты. Бірақ, кім біледі... «Спортинг» пен «Лилльді» оңай өткен неміс мәшінесіне «Барселона» алынбас қамалдай болып тұр.

«Боруссия» Бундеслигада да мандытып жатқан жоқ – 29 турдан кейін небары 8-орынға жайғасқан. Хорватиялық бапкердің мақсаты дортмундтықтармен келесі маусымда ЧЛ-да бақ сынау. Ал ол үшін үздік 4-ік қатарынан көрінуі тиіс. Нико Ковачтың шәкірттері соңғы турда өткен демалыста «Бавариямен» ұпай бөлісті – 2:2.

«Барселона» дортмундтықтарды 4:0-мен жеңген соң Примерада «Леганестен» айласын асырған – 1:0. Сөйтіп, «Реал» Мадридпен арадағы 4 ұпайлық айырмашылықты сақтап қала алды. Ханси Фликтің командасы енді бүгін еш алаңсыз «Боруссиямен» сырт алаңдағы ойынға дайындалады. Блаугрананың статистикасы сұрапыл – соңғы 24 матчтың 20 ұтып, төртеуінде тең ойнаған. Германиялық қарсыласымен өзара кездесулерінде де айтарлықтай басымдыққа ие: соңғы үш ойын «Барселонаның» жеңісімен аяқталған. Десе де, жауапты ойында «Боруссия» бірінші таймда белсенді болады деп болжаймыз.

Сонымен, бұл ойынға ұсынатын болжам – алаң иелері үзіліске дейін «Барселона» қақпасынан саңылау тауып кетеді. Бұған Fonbet.kz-те 1.97 коэффициентімен бәс тігуге болады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров