Еуропа чемпиондар лигасы қысқы демалыстан кейін қайта жалғасын таппақ. Кеше плей офф ойындары басталды. Бүгін 1\8 финал алғашқы ойындары жалғасады. Топтық кезеңді артта қалдырған тек мықтылар енді плей офф сатысында бақ сынасады. Алғашқы кездесулердің бірінде Италияның Миланы өз алаңында ағылшындардың Арсеналын қабылдайды.
«Милан»-«Арсенал»
[caption id="attachment_10363" align="alignleft" width="315" caption="Милан vs Арсенал"][/caption]Ширек финал сатысындағы ең үздік, ең мықты жұптардың бірі. Қос мықтының тек біреуін ғана біздер ширек финалдан көре аламыз. Алғашқы ойын Лондондағы «Эмирейтс» стадионында болып өтеді. Бұл командалар арасындағы ойында біреуін фаворит деп атау дұрыс болмаса керек. Екі команда да тең. Қос мықты да топтық кезеңді артық қиыншылықсыз, оңай өткерді. «Арсенал» өз тобында бірінші орын болды. «Дортмундтың Боруссиясы», «Марсель», «Олимпиакос» командаларымен бір топта ойнады. Бір тур алдын жеке дара көш бастап, плей офф жолдамысын жеңіп алды. Биыл ағылшындардың бар жоғы екі ғана клубы топтық кезеңнен аса алды. Канонирлер соңғы ойындарын өте жоғары дәрежеде өткізіп келеді. Бар мықтысы ертеңгі матчқа сақадай сай. Қонақтағы ойыннан ұпай алып қайтуға талпынады ертең. Арсен Венгер командасы
премьер лигада әзірге үздік төрттікті түйіндеп отыр. Көш басындағы Манчестердің қос мықтысына жетуі енді екіталай. Канонирлер былтыр бірнеше жетекші ойыншыларын сатып жіберген, қазіргі күнде команда негізінен жас дарындардан құралған. Арсенал қалайда қарсыластар қақпасына гол соғуға тырысады. Қонақтағы бір доптың екі голға саналатынын олар жақсы біледі. Лондондықтардың шабуылында биылғы ағылшын премьер лигасының үздік сұрмергені Робин ван Перси алғашқы минуттардан ақ алаңға шығады. Сондай ақ Тьерри Анриді де бұл ойыннан көріп қалуымыз мүмкін. Анридің көп жылдық тәжірибесі өз сөзін айтуы әбден мүмкін. Милан қорғаушылары осы француздан сескеніп отыр. Канонирлердің Африка халықтары кубогына
[caption id="attachment_10365" align="alignright" width="266" caption="Венгер мен Алегрини. Қай маман айласын асырады екен?"][/caption]қатысқан футболшылары да бұл матчқа дайын. Финал ойынында шешуші пенальтиден мүлт кеткен Жервинью командасына қосылып үлгерді. Ал алаң иелері «Сан Сирода» қалайда жеңіске жетуге тырысатындары анық. Алғашқы матчқа көп нәрсе байланысты. Қонақта қиын болатынын олар жақсы түсінеді. Милан топтық кезеңде Барселонамен бір топта ойнады. Қазіргі чемпиондарға лайықты қарсылық көрсете білді. Екі ойында да екіден доп соқты. Екінші орынмен келесі кезеңге жолдама алды. Жалпы Милан чемпиондар лигасында қай кезде де жақсы ойын көрсете біледі. Финал ойындарында ең көп ойнаған командалардың бірі. Қазір А серияда да чемпиондық титул үшін таласып келеді. Әзірге екінші орында. Россоньери басты назарын шабуылға қаратса ғажап емес. Команда сапында шабуылдаушы футболшылар жетерліктей. Швед Златан Ибрагимович пен Алешендре Патоға қос қапталдан Патоның отандастары Роналдинью мен Робинью көмек береді. Жетекші ойыншылдардың бәрі де сапта. Бір біріне лайық екі мықты финалға татырлық қос кездесу ұсынса дейміз.
«Зенит»-«Бенфика»
[caption id="attachment_10366" align="alignright" width="480" caption="Зенти vs Бенфика"][/caption]Бұл екі клубтың плей офф сатысында кездесетінін футбол жанкүйерлерінің қай қайсысы да күтпеген болса ғажап емес. Биыл Ресейдің екі бірдей клубы топтық кезеңнен сүрінбей өте алды. Соның бірі Санкт Петербордың Зениті ертең Португалия футболының мақтанышы саналатын «Бенфика» клубын өз алаңында қабылдайды. Тең командалардың ойыны аса қызықты өтеді деп күтілуде. Ертең «Петровский» стадионында алғашқы ойын. Зенит топтық кезеңде «Бенфиканың» ежелгі қарсыластары «Портуды» жолда қалдырды. Орыстар португалдық командаларды қалай жеңу керектігін біледі десек те, «Бенфика» ел біріншілігінің үздігі. Ақпан айында керемет ойнауда. Питерлік клуб қатарында бірнеше жетекші ойыншылар жарақатына байланысты бұл ойынға қатыса алмайды. Португалия легионері Данни өз отандастарына қарсы ойында жасыл алаңға шықпайды. Естеріңізде болса, ол бірнеше айға қатардан шығып қалған болатын. Тағы бір легионер Кришито да командасына көмектесе алмайды. Роман Широковтың да бұл кеште ойнауы екіталай. Негізгі
[caption id="attachment_10367" align="alignleft" width="263" caption="Кержаков пен Кардосса . Қай шабуылшының қанжығасы майлананр екен?"][/caption]қақпашы Малафеев те ойынға түспейді. Яғни, «Зенит» лазаретінде бірнеше жетекші ойыншылар жатыр. Өз үйіңде қақпа бағаны да көмектеседі дегендей, орыстарға бұл кеште жанкүйерлері қызу қолдау көрсететіні анық. Бас бапкер Лучано Спаллетти де бірдеңе ойлап табар. Ресей қысының суықтығы да питерліктерге жәрдем берсе керек. Ал қонақтардың бұл матчқа дейінгі нәтижелері көз қуантарлық. Ресми ойындарда 11 рет қатарынан жеңіске жетіп келеді. Португалия чемпионатының қазіргі көшбасшысы. Негізгі құрам ойыншылары түгелімен дерлік сапта. Жалғыз ғана орталық алаң ойыншысы Хави Гарсия жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Жорже Жезуш бапкер басқаратын клуб былтырғы Еуропа лигасының финалисті. Топтық кезеңде азулы Манчестер Юнайтедті сан соқтырды. Бірнеше фактілер қонақтарға жеңістің жақындау екендігін меңзеп отырғандай. Португалиялық клубтың тәжірибесі де мол. «Зенит» Чемпиондар лигасында алғаш рет плей оффта ойнағалы отыр. Савиола мен Кардосо жұбы алаң иелерінің қорғаушыларына жетерліктей мәселе туғызатыны анық. Бірақ футболда жасыл алаңға шыққаннан кейін не болатынын ешкім де анық болжай алмайды. Алғашқы кездесу қос команда үшін де аса маңызды. Сондықтан бұл ойын тартысқа толы болары анық.
Жәнібек ӘБІШ
Біздің серіктес: FONBET