Жарнама
Жарнама

Чуперканың Премьер-лигадағы дебюттік голы «Астанаға» жеңіс сыйлады

23.04.2021, 23:57
«Астана» көш басында қалуын жалғастыра бермек.
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганаң жетінші туры аясында "Астанамен" кездесті. "Астана Аренада" өткен матчта елордалық клуб 1:0 есебімен "кеншілерден" басым түсті.

Ойынның 19-минутында "Астананың" жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка есеп ашты. Бұл Валерийдің Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы голы ретінде тіркелді. "Шахтер" есепті теңестіруге тырысқанымен, есеп өзгеріссіз қалды. Тағы бір айта кетерлік жайт, бүгін "Астананың" бас бапкері қызметін Нұркен Мазбаев атқарды. Бұған Андрей Тихоновтың ауырып қалуы себеп болды.

Елордалық клуб бұл жеңістен кейін 17 ұпаймен көш басында қала бермек. Қоржынында небәрі үш ұпайы бар қарағандылық ұжым он үшінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров