"Қызылжар" клубының бас бапкері Милич Чурчич маусым жайлы өз ойын білдірді.
"Біз Қазақстан Премьер лигасындағы барлық матчтарды қарап шықтық. Биылғы маусым өте қызықты өтетін сияқты. Әрине, оңай болмайды, бірақ футбол – бұл әрқашан сынақ пен күрес. Сондықтан біз позитивпен, күш-жігермен алға қадам басамыз."
Милич Чурчич сондай-ақ команда ойыншыларының дайындығы жайлы атап өтті. Оның айтуынша, "Қызылжар” биыл Премьер лигада жоғары нәтиже көрсету үшін бар күшін салады.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET