Жарнама
Жарнама

Cоңғы матч

11.10.2011, 19:55
Жарнама
Жарнама
Соңғы кездесу Астана төрінде. Құрамамыз Австриямен жолығады. Бірінші матчта кеткен есені қайтара аламыз ба? Бельгиядан тас-талқан болып ұтылғанымыз кеше ғана. Тағы да қарсыласқа  жол береміз бе? Бүгінгі матчтан не күтеміз? Біздің топтан екінші болып кім шығады?  Осы және өзге де сұрақтарға сарапшылар жауап берсе. НҰРҒАЗЫ САСАЕВ – «АЛАШ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ РЕДАКТОРЫ Бүгінгі ойында екі команда да жеңіске жетуді көксейді. Біздің құрама бүгінгі матчтағы жеңіс үшін Бельгияда алаңға үздік ойыншыларымызды шығармады. Бас бапкер Шмидтгаль, Қонысбаев, Гридин секілді өз шептеріндегі үздік ойыншыларды тұсаулап жанында ұстап отырды. Логвиненко екі ескертуіне байланысты Брюссельдегі ойынды жіберді. Нұрдәулетов пен Шахметов алаңға тек екінші таймда шықты. Яғни Мирослав аға негізгі күшін осы ойынға сақтап отыр. Өз жанкүйерлеріміз алдында жеңіске жетуді ойлайды. Ал Австрияның бапкері ауысқан. Енді Австрия ойыншылары жаңа бапкердің көзіне түсіп, құрама сапында қалу үшін аянбайды. Әрі Бакуде Әзірбайжанды күйрете жеңіп, ерекше қуат алды. Сол ірі жеңістері оларды қанаттандырып жіберді. Әйтсе де, өз басым біздің құрамаға сенемін. Тек жеңіс күтемін.Екінші орынға келер болсақ, мұндағы бәсеке шектен тыс шиеленісті. Қызық болғанда «ауылдары аралас, қойлары қоралас» елдер бір-бірімен кездеседі. Түріктер әзірбайжандарды жеңулері керек. Әзірбайжандар көп қарсыласпайтын да шығар… Ал Бельгияның тағдыры – Германияның уысында. Немістер барлық ойында жеңіске жетіп, жүз пайыздық көрсеткішпен Испанияның ерен жетістігін қайталауды ойлауда. Сондықтан адуынды «неміс мәшинесі» Бельгияға соқыр ұпай ұстатпай, олардың арман-мақсаттарының күлін көкке ұшыруы мүмкін. Немістердің өз жерінде Бельгияға жаны ашып, жеңіле салады дегенге сену қиын. Ендеше, «екінші орынды Түркия иеленеді» деген ойым басым. ДИНА ЫСҚАҚОВА -  »Қазақстан» ұлттық арнасы спорт бағдарламалары шығармашылық бірлестігінің шеф редакторы Қазақ Ұлттық құрамасының  жеңісіне сеніммен қарайтындардың қатары сиреп бара жатыр деп ойлаймын. Бүгінгі ойынның қалай бітерін кім білсін, бірақ өз басым жеңеді дегенге сеніңкіремеймін. Бірақ Азербайжан мен Түркиямен өткен ойындағы қауқарды көрсетуге шамамыз жетіп жатса, шүкір, бүгінгі күнге одан артықты талап ету ерте сияқты.   Ал екінші орынға қатысты финалдық кезеңде Түркияның ойнағанына шын жүректен тілектеспін. Рауан Оқас – «Аламан» Ұлттық спорт порталының бас редакторы Бүгінгі кездесуде тең нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар деп есептеймін. Қазақстанның соңғы орын алуы қынжылтады. Өзімізбен деңгейлес саналатын Әзірбайжаннан қалып қойдық. Біздің топтан кім шығады дегенге келсек Түркия шығар. Олар Әзербайжанды ұтуы тиіс. Ал Германия мен Бельгия тең түсер. Дереккөз: Аламан ұлттық спорт порталы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров