Жарнама
Жарнама

«Cпартак» стадионындағы сенсация: «Жеңіс» соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды

19.07.2025, 20:09

Қазақстан Премьер-Лигасының 17-турындағы ойында семейлік «Елімай» өз алаңында елордалық «Жеңісті» қабылдады.

Жарнама
Жарнама

Бастапқы минуттарда «Елімай» аздаған басымдық танытып, 13-минутта Иван Свиридовтың соққысымен есеп ашты. Алаң иелері осы есеппен ойынның негізгі уақытының соңына дейін жеткенімен, «Жеңістің» қысымдары соңғы минуттарда өз жемісін берді. 89-минутта Элгуджи Лобжанидзе есепті теңестірсе, 90+3 минутта Адилио жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп: 1:2.

«Елімай» — «Жеңіс» 1:2 (1:0)

Голдар: Свиридов 13 (1:0), Лобжанидзе 90 (1:1), Адилио 90+3 (1:2)

Бұл жеңістен кейін елордалықтар 23 ұпай жинап, турнир кестесінде «Ордабасыны» қуып жетті. Ал семейліктер 25 ұпаймен 5-орында қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: