Танымал маман Болат Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына көлемді сұқбат беріп, қазақстандық футболшылардың өнерін бағалады әрі ойыншылардың шетел лигаларына баруы турасында ой толғаған болатын.
- Болат Жолдасұлы, премьер-лигада ойнайтындар арасында ерекше кімді айтар едіңіз? Чесноков секілді басқа чемпионатқа дайын ойыншы бар ма?
- Меніңше, ұлттық құрамада ойнағың келсе, міндетті түрде шетелге шығуың керек. Өзіңді жақсы бір лигада жақсы қырыңнан танытуың тиіс. Өкінішке қарай, дәл қазір бізде топ-лигаларға лайық деген футболшылар көп емес. Әйтсе де, мен «Оқжетпестің» екі өкілі – Дамир Марат пен Дәурен Жұматты айтар едім. Шабуыл шебінде ойнайтындар арасынан осы екі жігіттің өнері көңілден шығып жүр. Міне біздің командалардың осындай көшбасшы футболшыларына тәуекел етіп, сыртқа бару керек. Бұл өте пайдалы, оны өз басымнан өткен соң айтып отырмын. Өзім Финляндияда бақ сынап келдім, олай етпеген жағдайда білмес те едім. Бұл жерде мынандай дүние бар, шетел дегенде біз тек Еуропаны айтамыз. Азияға, Иран, Ирак, Жапония, Кореяның командаларына да баруға болады ғой. Қытай, Сауд Арабиясы бар, Эмираттағы клубтарға барып, өздерін сынауға болады. Мұнда вариант жетеді, тек қорықпау керек.
Айта кетейік, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы чемпионат аяқталған соң шотландиялық «Хартс» сапына ауысуы ықтимал деген ақпарат бар. Футболшы мен шотландиялық ұжым трансфердің мән-жайын келісіп қойған ұқсайды.
Біздің серіктес: FONBET