Осыған дейін таралған түрлі ақпараттарға сүйене отырып айтсақ, «Қайрат» пен «ЦСКА» қазір Дәулет Орынбасардың трансфері жөніндегі соңғы келіссөздерді жүргізуде.
Танымал инсайдерлердің мәліметіне сай, бұл мәселеде қос тарап жақын күндері мәмілеге келіп қалуы тиіс. Сол кезде 16 жасар шабуылшы мәскеулік клубпен келісімшартқа отырмақ. Ал оған дейін Дәулет Орынбасардың нәтижелерімен таныса отырыңыздар.
Дәулет Орынбасардың ересек деңгейде ешқандай тәжірибесі жоқ деуге болады. Тіпті, «Қайрат-Жастар» жейдесінде де мандытып ойнағаны шамалы. Біз бұл жерде Бірінші лига туралы айтып отырмыз. Десек те, 16 жасар бала қазірдің өзінде жасөспірімдер деңгейінде жақсы қырынан танылып үлгерді. Мәселен, 2024-жылдың қортындысы бойынша ол QJ League-ның бірден қос аталымында топ жарды: үздік ойыншы және 17 жасқа дейінгілер арасындағы үздік сұрмерген. Өткен маусымның 17 кездесуінде 28 рет мергендік танытып, 14 ассист берген екен. Қандай жас ерекшелігі болса да керемет нәтиже! Солай ма?
Дастан Сәтпаевтың орнын басқан талант
Ал биыл Дәулет негізінен халықаралық аренадағы жемісті ойынымен көзге түсуде. Атап айтсақ, 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының жейдесінде бірнеше бәсекеде жарқ ете қалды – Беларусияда болған Даму Кубогі. Бұл турнирде Дәулет Орынбасар Иран қақпасына салған аса маңызды голымен есте қалған болатын. Бұдан бөлек, Ресей құрамасымен өткен ойынның үздік футболшысы атағын жеңі алғанын да қоса кетейік.
Өткен айда «Қайраттың» шабуылшысы Қазақстан жастар құрамасының сапында Еуроға іріктеу кезеңіндегі керемет ойынымен көзге түсті. Грузияға қарсы кездесудегі үш голда да Дәулеттің еңбегі зор – екі гол мен ассист (3:0). Сондай-ақ, Литвамен матчта бір рет мергендік танытып, тағы да голдық пас шығарды - 5:2.
Ең қызығы, Дәулет Орынбасар жастар құрамасында қазір өзінің бұрынғы командаласы - «Челсимен» келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаевтың орнын басқан. Бас командаға ауысқан досының орнын жоқтатпай жүр деуге де болады.
“ЦСКА” қазақ футболшыларының бағын жағатын клуб
«Қайраттың» жас шабуылшысы «ЦСКА» клубына ауысса әрине бірден негізгі команда сапына тартылмайды. Ол да Дастан Сәтпаев секілді тек кәмелет жасына келгенде ғана мәскеуліктер үшін ресми ойындарға қатыспақ. Ал оған дейін «Қайрат» сапында қала ма жоқ басқа жолмен шыңдала ма, оны уақытында көре жатармыз. Әзірше, ресейлік топ-клубтың қызығушылық танытқанының өзі үлкен олжа жас футболшы үшін. Естеріңізде болса біз осыған дейін Дәлетке «Динамоның» қызығушылығы барын жаған болатынбыз. Жоқ, ресейлік емес, загребтің «Динамосын» айтып отырмыз. Топ-лигаларға «донор» болып жүрген хорватиялық гранд ешкімге бекерден-бекер назарын салмайды. Бұл да Дәулет үшін, «Қайрат» пен жалпы қазақ футболына үлкен жетістік саналады.
Біздің серіктес: FONBET