Жарнама
Жарнама

Daily Express : Роналду басшылықтан Бенземаны сатпауды өтінді

18.02.2017, 19:16
Жарнама
Жарнама
Атақты "Daily Express" басылымының хабарлауынша, мадридтік "Реалдың" сұрмергені Криштиану Роналду өзінің командалық əріптесі франциялық Кəрім Бенземаның басқа клубқа кеткендігін қаламайды. Соңғы уақытта Кəрімнің гол соғу нәтижелері айтарлықтай төмендеген. Осыған байланысты корольдік клубтың басшылығы жазғы трансферлік маусымда Бенземаның орнына габондық Пьер Эмерик Обамеянгты немесе жас Аргентиналық шабуылшы Пауло Дибаланы алуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Естеріңізге сала кетсек, тағылған айыпқа байланысты Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2016-жылы Францияда өткен Еуропа Чемпионатына Бенземаны мүлдем құрам тізіміне қоспаған болатын. Финалда Португалияның қалпағын оңай қайырамыз деген Дешам шәкірттері ауыр жеңіліске ұшырап, күмісті місе тұтқан еді. Турнир аяқтала салысымен франциялық БАҚ өкілдері шабуылдағы форвардтарды қатты сынға алған болатын. Оливье Жиру да, Кевин Гамейро да, Андре-Пьер Жиньяк та Бенземаның 2014-жылы өткен Əлем біріншілігіндегі керемет ойынын ешқайсының қайталай алмағандығын, Бенземаның орыны бөлек екендігін жарыса жазған еді. Сол уақытта мадридтік "Реалдың" басшылығы футболшыға қолдау білдіріп, оған сенетіндерін айқындап келісім шартты ұзартқан болатын. Ал, жаңа маусым бастала салысымен Бензема қаһарына мініп, қарсыластардың қақпа торын жиі тулата бастады. Бензема - футбол тарихында тəртіпті, сабырлы, байсалды футболшылардың қатарынан саналады. Ол жасыл алаңда ешқашан қызыл қағаз алмаған. Және командаластары ол туралы үнемі жақсы пікірлер қалдырған. Криштиану Роналду "Ла-Лиганың" кезекті турынан кейінгі сұхбатта: "Бензема - Əлемнің ең үздік шабуылшысы. Оған айтылған сындар өмірдің бір бөлігі секілді. Бірақ, біз мұндай сындарға өзіміздің лайықты жауабымызды беруіміз керек. Бензема мен Бэйлдей футболшылармен бірге ойнайтыным үшін қатты қуаныштымын, - деп ағынан жарылған. Ал, Бензема Роналду туралы: "Криштиану Роналду - ғаламшардың ең үздік ойыншысы. Онымен бірге ойнау мен үшін жүгімізді жеңілдетеді, - деп жылы пікір білдірген. Айта кететін жайтғ шабуылдағы Роналду - Бензема дуэті Чемпиондар Лигасының тарихында ең көп гол соққан нəтижелі жұп болып табылады. Мұндай, көзқарастардан соң, мадридтік "Реалдың" президенті Кəрім Бенземаны сатады деп айту қиын...

Ержігіт Күнтубаев

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров