“Қайраттың” жартылай қорғаушысы Дамир Қасабулат Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына толық дайын екенін айтты.
“Құрамаға шақырту алғаныма қатты қуаныштымын. Бұл әр ойыншының арманы деп ойлаймын. Маған сенім артқан жаттықтырушы штабына алғыс білдіремін. Бүгін теориялық жаттығу өтті, алаңда практикалық дайындық жүріп жатыр. Кеше ойынымыздан кейін қалпына келтіру жұмыстары болды. Алдағы матчқа 100 пайыз дайын боламыз, барымызды саламыз. Клубтағы ойын мен ұлттық құрамадағы ойын әртүрлі, сондықтан оған ерекше дайындықпен келеміз. Құрама жейдесін кию – үлкен абырой. Біз сол сенімді ақтауға тырысамыз.” – деді футболшы ҚФФ баспасөз қызметіне.
Біздің серіктес: FONBET