Дани Алвес 4,5 жылға сотталды

22.02.2024, 15:54

"Барселонаның" бұрынғы қорғаушысы Дани Алвес бас бостандығынан айырылды. 

Айта кетейік, өткен айда бразилиялық футболшыға 23 жасар қызды зорлады деген айып тағылған болатын. Сөйтіп 20-шы қаңтарда Алвес қамауға алынған. “Барселонаның” экс қорғаушысын осыдан кейін уақытша кепілдеме бойынша босатуға тиым салынған еді. 

Естеріңізде болса, Дани Алвес алты рет кталондық клубпен Испания біріншілігінде топ жарып, Чемпиондар лигасын ұтты.