Жарнама
Жарнама

Дани Алвес «Барселонаға» оралуға дайын екенін мәлімдеді

16.10.2021, 23:10
Футболшы қыркүйек айында «Сан-Паулуан» кетіп, еркін агент атанды.
Жарнама
Жарнама

38 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Дани Алвес "Барселона" басшылығымен байланысқа шығып, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап клубқа оралуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды AS Esport3-ке сілтеме жасап. Дереккөздің айтуынша, футболшы каталондық клубта ең төменгі жалақы алуға да дайын екен.

"Егер "Барселона" мені керек деп тапса, бұл бір ғана қоңыраумен шешілетін жағдай. Менің ойымша, мен әлі де кез келген команда үшін пайдалы бола аламын, бірақ бәрінен бұрын "Барселонаға", өйткені қазір онда көптеген жас ойыншылар бар", - деді футболшы Sport.es сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін Алвес "Сан-Паулу" жалақысын төлеуді кешіктіріп жатқанын айтты. Осыдан кейін ойыншы мен клуб арасындағы қарым-қатынас бұзылды. Футболшы уәде етілген ақшаны алғанға дейін команда орналасқан жерге оралудан бас тартты.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың тамызында бразилиялық қорғаушы "Сан-Паулумен" келісім-шартқа отырған еді, оған сәйкес Алвестің жалақысы айына 280 мың долларды құрады. Бразилиялықтың келісім-шарты 2022 жылдың желтоқсанына дейін есептелген болатын.

Қыркүйек айында бразилиялық қорғаушы 2021 жылдың соңына дейін ешқандай клубқа ауыспайтынын мәлімдеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров