Жарнама
Жарнама

Дани Алвес «Барселонамен» келісім-шарт жасасты

13.11.2021, 15:17
Бірақ 38 жастағы футболшы келесі жылға дейін ресми матчтарға қатыса алмайды.
Жарнама
Жарнама

Қорғаушы Дани Алвес «Барселонаға» қайта оралды, деп хабарлайды каталондық клубтың ресми сайты.

Бразилиялық футболшы жақын арада командаға қосылып, келесі аптада жаттығуға кіріседі. Алайда ресми матчтарға ол тек 2022 жылдың қаңтарынан бастап қатыса алады.

38 жастағы қорғаушы тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен маусымның соңына дейін есептелген келісім-шартқа қол қойды.

Алвес 2008 жылдан 2016 жылға дейін «Барселона» сапында ойнап, испаниялық клубпен 23 трофей жеңіп алды.

Қорғаушының соңғы клубы «Сан-Паулу» болды, ол қыркүйекте жалақысының төленбеуіне байланысты бразилиялық клубтан кетіп қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров