Дани Алвес енді "Барселона" аңызы емес

27.02.2024, 15:34

Каталондық клуб бразилиялық қорғаушының сотталуынан кейін оны команда аңыздарының тізімінен шығарып тастады.

Естеріңізде болса, Дани Алвес қыз зорлағаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бразилиялық қорғаушы "Барселонамен" 3  мәрте чемпиондар лигасын ұтқан. Сондай-ақ, алты рет Испания чемпионатында топ жарды. Жалпы, қорғаушы команда қатарында 408 матчта өнер көрсеткен.