Жарнама
Жарнама

Дани Карвахаль мен Ла лига президенті арасындағы айқас: “Ережені бұзу – нағыз әділетсіздік.”

22.10.2025, 10:00

“Реал Мадридтің” капитаны Дани Карвахаль мен Ла Лига президенті Хавьер Тебас арасындағы текетірес ушығуда. Себеп – “Барселонаның” алдағы “Вильярреалға” қарсы матчын Майамиде өткізу жоспары.

Жарнама
Жарнама

Бұл бастама Испания футболында үлкен дау тудырды. Өткен демалыс күндері Ла Лигадағы барлық клубтар шетелде ресми ойын өткізуге біржақты қарсы екенін білдіріп, өз матчтарының алғашқы минуттарында қозғалыссыз тұрып наразылық көрсетті.

Алайда, Ла Лига ресми трансляцияларында бұл әрекеттің мәні бұрмаланып көрсетілді. Мысалы, “Алавес” – “Валенсия” кездесуінде комментаторлар мұны “Палестинаға қолдау көрсету” деп түсіндірген, бұл жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырды.

Дани Карвахаль Майамиде ойын өткізуді қатаң сынға алды:

“Ойындарды Майамиге көшіру – жарыстың әділдігін бұзады. Барлық клубтар тең жағдайда ойнауы керек. Бұл – ашық әділетсіздік. Біз, ойыншылар мен клубтар, әділ бәсекені қорғауымыз қажет." – деді ол.

Ла Лига президенті Хавьер Тебас бұған бірден жауап берді:

"Мен бұны жарысты бұрмалау деп санамаймын. Бұл – жағдайды өз пайдасына қарай түсіндіру. Өткен маусымда "Реал Мадрид ТВ” арнасы төрешілерге қысым жасау үшін видео таратқан – міне, сол нағыз бұрмалау." – деді Тебас.

Мұндай пікірді естіген Карвахаль үнсіз қалмады:

"Қайырлы күн, Тебас мырза. Ережені бұзу – нағыз жарысты бұрмалау. Сіз "Реал Мадрид ТВ” туралы не айтсаңыз да өз еркіңіз, бірақ мен нақты бір заң бұзушылық туралы айтып отырмын. Егер бұл матч расымен өтсе, сіздің жарысыңыздың беделіне дақ түседі.” – деп жауап берді қорғаушы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров