Жарнама
Жарнама

Даниэль Ольмо "РБ Лейпциг" сапына ауысты

25.01.2020, 22:53
Жарнама
Жарнама

"Динамо Загреб" жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо "РБ Лейпциг" командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы Германия клубының ресми сайты хабарлайды. Жаңа еңбек шарты 2024 жылға дейін жарамды.

Изображение

Sky Sport-тың хабарлауынша Ольмо үшін неміс командасы 30 миллион еуро жұмсаған.

Изображение

Айта кетейік, Ольмо "Барселона" футбол мектебінің түлегі. 2015 жылы "Динамо" сапын толықтырған еді. 21 жастағы ойыншы биыл Хорватия біріншілігінде 9 ойынға қатыстып, 3 гол салды. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасында 11 ойында 5 гол салып, 3 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров