“Ақтөбе” клубының легионері Даниэль Соса “Ұлытаудан” (1:2) жеңілген соң, жанкүйерлерге үндеу жасады. Бұл команда үшін Қазақстан Премьер лигасындағы қатарынан екінші жеңіліс болды.
Сосаның айтуынша, ойын ауыр өтті, ал нәтиже клуб үшін қанағаттанарлықсыз.
“Матч біз үшін қиын болды. Жеңіссіз қалдық, бұл “Ақтөбе” сияқты үлкен клуб үшін өте жаман нәтиже. Бірінші тайм соңында гол соқтық, ойын тізгінін алуымыз керек еді, бірақ екінші таймда концентрацияны жоғалтып, тағы да гол жіберіп қойдық. Біз жаңа жүйеге бейімделуге тырысып жатырмыз, бапкердің талабын орындау үшін нақты қадамдар жасаудамыз, бірақ әзірге бұл жеткіліксіз. Дегенмен, ең бастысы берілмеу. Алдымызда әлі үш ойын бар, сондықтан соңына дейін күресуіміз қажет.” – деді Соса клубтың баспасөз қызметіне.
Біздің серіктес: FONBET