Жарнама
Жарнама

Данил Устименко: «Команда біріншіліктің басын жеңіспен бастағанына өте қуанышты»

08.03.2022, 02:54
Жас қақпашы жаңа маусымдағы алғашқы матчында гол жібермеді.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубының қақпашысы Данил Устименко Премьер-лиганың бірінші туры аясындағы матч туралы өз пікірін білдірді.

- Бірінші турдан-ақ, біз қиын қарсыластың бірімен кездестік. Матч өте тартысты өтті.

Команда біріншіліктің басын жеңіспен бастағанына өте қуанышты. «Ақтөбеге» қарсы ойында жеңіске жеткеніміз, бізге келесі ойындарда психологиялық қолдау береді.

Сонымен қатар, «Орталық» стадионға келіп қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын.

- Қақпаға гол жібермеу сіз үшін қаншалықты маңызды болды?

- Менің мақсатым, біздің ұжымның жеңіске жетуі, ал қарсыластың бізге гол соға алмағаны, ол бүкіл командаластарымның арқасы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров