Жарнама
Жарнама

Данило Белич: «Жоспардағыдай қалыпқа келіп жатырмын»

30.03.2011, 19:21
Жарнама
Жарнама

Данило Белич «Локомотив» құрамына тек осы маусым аралығында ауысып, команда үшін «Жетісу» командасымен кездесуде тек 45 минут өнер көрсетіп, өкінішке орай, қатты зақым алып, ұзақ уақытқа қатардан шығып қалды. Сербиялық шабуылшының денсаулығын, қалай жаылып келе жатқанын Данилоның өзінен білуге шешім қабылдадық:

- Негізі, жағдайым қалыпты, ойдағыдай жазылып келем, бір-екі күннің рентгенге бармақпын. Бәрі оңыменболып жатса, гипсті шешіп, жаттығуды бастаймын. Алаңға нақты қашан оралатынымды айту қиын. Өйткені, қалыпқа келу жұмыстарын абайлап атқармаса, болашақта осыған қатысты тағы да мәселелер туындатып алуым мүмкін. Басқа қиындықтарға тап болмас үшін, дәрігердің барлық айтқандарын бұлжытпай орындамақпын. - Қомандаластарыңның ойынын көрермендердің арасынан бақылаған ауыр ма екен? - Әрине, бұл ауыр жағдай. Әсіресе, соңғы ойынды қарау қиын болды, күрделі матч, біздің жігіттердің жеңіп шыққанына қуаныштымын. - Ойынды көрермендер тағынан тамашалау мен алаңда ойын барысында бақылаудың қаншалықты айырмашылықтары бар? - Алаңда жүргенде те шешім қабылдап үлгеруің керек, ал көрермендер тағынан ойын мүлдем басқаша қабылданады. - Мереке күндерін қалай өткіздің, жақсылап демалдың ба? - Мен соңғы жиырма күннің барлығында демалудамын. Жақында Астанаға жанұям ұшып келді. Сондықтан, көбірек уақытымды отбасымның қасында, қызымды ойнатумен өткізудемін. www.loko.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров