Жарнама
Жарнама

Дания мен Финляндия арасындағы матч бірінші таймның соңында тоқтап қалды

13.06.2021, 05:06
Бірінші таймда қос команда да гол соқпаған болатын.
Жарнама
Жарнама

Дания Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің алғашқы кезеңінде Финляндия құрамасымен кездесті.

Матч Копенгаген қаласындағы "Паркен" стадионында өтіп жатқан. Ойынның 43-минутында Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен алаң ортасында есінен танып қалды. Тез арада дәрігерлер көмек көрсетіп, оны алаңнан алып кетті. Онымен бірге төрешілер мен бүкіл футболшылар алаңнан кеткендіктен, матч сол жерден тоқтады.

Сәлден кейін Эриксеннің есін жинағаны белгілі болды. Оны дәрігерлер ауруханаға жеткізген екен. Ал матч 13 маусымға шегерілген болатын. Бірақ Дания мен Финляндия арасындағы матч футболшылардың өтініші бойынша сағат 01:30-да (Нұр-Сұлтан уақыты) қайта жалғаспақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров