Жарнама
Жарнама

Дания Уэльс құрамасының тас-талқанын шығарды

27.06.2021, 04:50
Дания 1/4 финалда Нидерланды - Чехия жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Жарнама
Жарнама

2020 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Уэльс құрамасы Дания құрамасына есе жіберді. Кездесу Амстердамдағы (Нидерланды) "Йохан Кройф Арена" стадионында өтіп, 4:0 есебімен даниялықтардың пайдасына аяқталды.

Дания шабуылшысы Каспер Дольберг 27-минутта алғашқы голды соқты. 48-минутта Дольберг дубль жасады. 89-минутта Йоаким Мехле командасының үшінші голын соқты. Бір-екі минуттан кейін Харри Уилсон Мехлеге қарсы ереже бұзғаны үшін қызыл қағаз алды. Қосымша уақытта Мартин Брэйтуэйт матчтың нүктесін щойды

Еуропа чемпионатының 1/4 финалында даниялықтар Нидерланды - Чехия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров