Дания ұлттық құрамасының үздік ойыншысы ӘЧ финалына кім шығатынын болжады

20.11.2022, 16:28


Жартылай қорғаушы Пьер-Эмиль Хёйбьерг ӘЧ финалына Аргентина мен Бразилия шығады деп болжауда.


"Менің ойымша, Бразилия мен Аргентина бұл турнирге аса дайындықпен келген секілді. Бұл командаларда Месси, Неймар деген ойыншылар бар. Олар бабында болса, құрамасы алға жылжи береді. Осыны дәлелге алып, мен ӘЧ финалына Аргентина мен Бразилия шығады деп сенемін".


Еске салайық, Дания ұлттық құрамасы ӘЧ Д-тобында өнер көрсетеді. Олардың топтағы қарсыластары: Франция, Тунис және Австралия.