Жарнама
Жарнама

Данияр Баялиев «Тараздың» жиыны туралы

14.02.2015, 01:23
Жарнама
Жарнама

«Тараз» футбол клубының қорғаушысы Данияр Баялиев «PROСПОРТ» тілшісіне Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны туралы ойымен бөлісті.

«Командамыздың жиыны жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жаттығулар ойдағыдай өтуде. Команда ішіндегі көңіл-күй тамаша. Бұған дейін бірнеше жолдастық кездесу өткіздік. Әрине, бейресми матч болғасын аралас құраммен шыққан болатынбыз. Бас бапкеріміз алаңдағы әр ойыншыны толық бақылап көрді. Алдағы уақытта Астрахань қаласының «Волгарь» клубымен және одессалық «Черноморец» командасымен күш сынасамыз», - деп Баялиев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, өткен маусымдағы «Тараздың» сәтсіздігі – чемпионатты дұрыс бастамауына байланысты болды.

«Клубтың алдында бір ғана мақсат – былтырғы жылдағыдан жақсы нәтиже көрсету. Ал өзім әр кездесуді жоғары деңгейде өткізіп, ұлттық құрамаға шақырту алуды көздеймін». 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров