Шымкенттік “Ордабасы” 26 жастағы шабуылшы Дембо Дарбомен қош айтысты.
Осы маусымда гамбиялық ойыншы "Ордабасы" үшін 8 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Оңтүстік ұжымға ол елордалық “Астанадан” ауысып келді. Өз мансабында Дарбо солигорскілік “Шахтер” мен БАӘ “Аль-Наср командасында доп тепті.
Дембо өз командасының “Ақтөбеге” қарсы кездесуінен шет қалды (1:1). Бас бапкердің қызметін уақытша атқарған Александр Кучма шабуылшыны тізімге енгізбеді.
26 жастағы Дарбо жақын аралықта әзербайжандық “Нефтчи” сапына ауысады деген ақпарат бар.
Біздің серіктес: FONBET