31 жастағы жартылай қорғаушы "Ордабасы" сапында осы жылдың басынан бері өнер көрсеткен еді.
Жартылай қорғаушы екіжақты келісім бойынша Шымкент командасынан кетіп отыр. Осы себептен, Чанаджия оңтүстік ұжымның "Оқжетпеспен" болған кездесуінен шет қалды.
Жалпы Дарио осы маусымда “Ордабасы” сапында барлық турнирлерде 23 матч өткізіп, 1 гол соқты. Хорватиялық легионер Андрей Мартин командасына румыниялық “Глория” ұжымынан еркін агент ретінде ауысып келді.
Өз мансабында 31 жастағы футболшы хорватиялық “Славен”, “Риека”, “Шибеник”,итальяндық “Специя”, словениялық “Олимпия”, румыниялық “Астра”, норвегиялық “Сарпсборг”, “Олесунн”, босниялық “Зриньски”, грекиялық “Кифисья” клубтарында тәжірибесін шындады.
Біздің серіктес: FONBET