16-жасар талант ұлттық құрамадағы дебютінен кейін осындай мәлімдеме жасады.
Екі жылдан кейін мансабын Ұлыбританияда жалғастыратын шабуылшы Уэльстен жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасап, әсерімен бөліскен болатын.
Айта кетейік, 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Уэльспен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матчта Дастан Сәтпаев 75-минутта алаңға шығып, ұлттық құрамадағы дебютін жасады.
«Армандар орындалады. Халықаралық дебют. Аллаға шүкір!», - деп жазды Дастан өзінің Instagram-парақшасында.
Дастан Сәтпаев 18-ге толысымен Лондонның «Челсиіне» ауысады. Англиялық клуб алматылық футболшымен келісімшарт жасасқан.
Біздің серіктес: FONBET