Көкшетаулық "Оқжетпестің" бұрынғы бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов "Аладоп.кз" тілшісіне сұқбат беріп маусымды түйіндеп, көңілінен ерекше шыққан футболшының есімін айтты.
«Ерекше ұнаған ойыншы? Әрине, елдің аузында жүрген Дастан Сәтпаев. Одан кейін мен үшін кішігірім жаңалық болған - Александр Мрынский. Ал легионерлерге келетін болсақ, Александр Мартынович жоғары деңгейлі футбол көрсетті деп ойлаймын. Сондай-ақ, «Астанадағы» Иван Башичтің ойыны ұнады. Деңгейі біздің чемпионаттан жоғары екені көрініп тұрады. Ал одан басқа ерекшелеп айтатын ешкім есіме түспей тұр. Жалпы, биыл біздегі көп легионер өз деңгейінен төмен өнер көрсеткен сияқты. Алғашқы бестіктегі легионерлер жанын салмай ойнады ма, кім білсін. Бірақ, мұның себебін білмедім, неге олай істегенін...», - деді Қ. Нұрдәулетов.
Александр Мрынский «Қайрат» жейдесінде ҚПЛ-дегі 16 матчта 6 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, ЧЛ іріктеу кезеңінде 8 матчта өнер көрсетіп, 1 рет мергендік танытқан болатын. 21 жастағы қорғаушының нарықтық бағасы 400 мың еуро. Ал «Астана» өкілі Иван Башич премьер-лиганың 11 кездесуінде голдық 3 пас берген. Босниялық жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 1,20 млн еуро.
Біздің серіктес: FONBET