«Қайрат» пен «Челсидың» 17 жасар шабуылшысы «Страссбург» командасының жейдесін киюі мүмкін.
Бұл туралы «GOAL.KZ» телеграмм-арнасы мәлімдеме жасады. Англиялық инсайдерлердің ақпаратына сәйкес, лондондық команда жас шабуылшыны Франция біріншілігіне жіберіп, тәжірибе жинатпақ. «Страсбург» қазір Франция чемпионатында 9-орында келеді. Команда 9 турдан кейін 16 ұпай еншілеген.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев биыл ҚПЛ-де 26 кездесуде 14 гол мен 7 ассисттің авторы атанды. Өткен демалыста алматылық клубқа қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионатында топ жаруға үлкен үлес қосты. 17 жасар шабуылшы маңызды матчта таразы басын теңестіріп, «Қайрат» турнирді 1-орынмен аяқтаған. Дастанның трансферлік құны 1,80 млн еуро. Футболшы 18-ге толғанда лондондық клубқа толыққанды ауысуға мүмкіндік алады.
Біздің серіктес: FONBET