Қайрат Боранбаев YouTube-тегі Nursultan Qurman арнасына берген сұхбатында Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамадан неге тыс қалғанына қатысты жағдайды түсіндірді.
Боранбаевтың айтуынша, шабуылшы Чемпиондар лигасында алаңға шығуды қатты қалағаны соншалық, өз денсаулығындағы мәселелерді клубқа да, дәрігерлерге де ашып айтпаған:
“Өкінішке қарай, ол бізге ауырсыну сезіп жүргенін айтпады. Чемпиондар лигасында ойнауды қатты қалағандықтан, жарақатын жасырып жүрді.” – деді Боранбаев.
Тек соңғы ойынынан кейін ғана Сәтпаев өз жағдайы туралы хабарлаған. Бұдан кейін “Қайрат” медициналық тексеру нәтижелерін дереу ұлттық құраманың дәрігерлеріне жолдаған:
“Соңғы матчтан кейін ғана Дастан мәселе бар екенін айтты. Біз оны тексерістен өткіздік, барлық мәліметті құраманың дәрігерлеріне жібердік. Олар оны Астанаға шақырып, қарап, жарақаттың бар екенін растады." – деді ол.
Боранбаев сонымен қатар, не себепті Сәтпаев біраз уақыттан соң қайта алаңға шыққанын да түсіндірді:
“Кейін ол жарақаттан кейін неге ойнады? деген сұрақтар туындады. Иә, ол шынында ойнады, өйткені екі апта өтіп, жағдайы жақсарған болатын.” – деді “Қайрат” басшысы.
Біздің серіктес: FONBET