Ол үшін 17 жастағы шабуылшыға еурокубокте гол салғаны жеткілікті.
2026 жылы "Челси" ойыншысы атанатын Дастан Сәтпаев Чемпиондар Лигасында гол соқса, мына рекордтарды жаңартуы мүмкін:
- Чемпиондар Лигасында гол соққан ең жас ойыншы (17 жас, 1 ай және 6 күн). Қазірде бұл рекорд “Барса” ойыншысы Ламин Ямальға тиесілі (17 жас, 1 ай және 9 күн).
- Чемпиондар Лигасында өнер көрсеткен ең жас қазақстандық ойыншы. Дастанға дейін бұл меже Георгий Жуковқа еңсерілген (20 жас, 9 ай және 27 күн)
- Чемпиондар Лигасында гол соққан алғашқы қазақ. Бұған дейін бірде-бір қазақстандық жалпы кезеңде голдық нәтижемен көзге түспеген.
Егерде Дастан “Спортингке” қарсы кездесуде сәтін салып, гол соқса, онда шабуылшы жоғарыда аталған рекордтардың барлығын жаңартады.
Еске салсақ, “Спортинг” - “Қайрат” командалары арасындағы Чемпиондар Лигасының 1-тур ойыны 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні сағат 00:00 басталады.
Біздің серіктес: FONBET