Алматы командасының еурокубоктегі үздік сұрмергені "Селтикке" қарсы кешегі ойында кезекті сары қағазбен жазаланды.
Еске салсақ, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының алғашқы плей-офф ойынында шотландиялық “Селтикпен” сырт алаңда 0:0 есебімен тең тарқасты. Алаң иелері допқа көп иелік етіп, соққыларды жиі жасағанымен, таблодағы есепке сол күйі өзгеріс енгізе алмады.
Сырт алаңда гол жібермей, тең есеппен тең тарқасу “Қайрат” үшін қарымта кездесуде үлккн сенімділік сыйлады. Алайда бір өкініштісі, алматылықтар сапынан келесі матчтқа Дастан Сәтпаев қатыспайтын болды.
Қазақстандық шабуылшы еурокубокте алған сары қағаздар санын 3-ке жеткізіп алды. Соның кесірінен “Қайрат” шабуыл шебіндегі лидерінен ажырап қалды.
Айта кетейік, 17 жастағы Дастан “Селтикке” қарсы ойынға дейін “Слованмен” өткен екі кездесудеде бір-бір сары алды.
Біздің серіктес: FONBET