Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев Қазақстан чемпионатында 8 гол соғу үшін неше соққы жасаған?

27.06.2025, 16:38

Қазақстан чемпионатының бірінші айналымы аяқталды. Осы орайда Қазақстан футбол федерациясының сайты ең көп соққы жасайтын команда мен ойыншыны анықтады.

Жарнама
Жарнама

Жалпы соққылар саны бойынша көшбасшы – «Қайрат» (18.5), ал тура соққыларда – «Астана» (5.9).

Үздік сұрмерген – Дастан Сәтпаев («Қайрат») 8 гол соққан. Оның бұл көрсеткішке жетуіне небәрі 11 тура соққы жеткілікті болды. Томасов («Астана») пен Жұмат («Оқжетпес») те жоғары нәтиже көрсетті. Әрқайсысы 7 рет қарсыластың қақпасын дәл көздеген (14 және 11 тура соққымен).

Үш орталық қорғаушы 3 голдан еншілеген: Сапанов («Атырау»), Мартынович («Қайрат») және Малый («Ордабасы»). Әсіресе Сергей Малыйдың нәтижелілігі жоғары – оның барлық 3 соққысы да тура және голға айналған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: