«Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челсидің» жұлдыздары туралы пікір білдірді.
«Челсидің» қай ойыншыларымен ойнағым келеді? Қазіргі таңда олардың құрамы өте мықты деп ойлаймын. Энцо Фернандес пен Коул Палмермен бірге алаңға шықсам, қуанышты болар едім. Бірақ ең алдымен Михаил Мудрикпен жасыл алаңда доп тебуді көксеймін. Ол әрдайым менің кумирлерімнің бірі болған. Оның жылдамдығы мен техникасы керемет», — деді жас футболшы.
Еске салайық, Сәтпаев «Челси» сапына кәмелет жасына толған соң, яғни 2026 жылы жазда қосылады. Трансфер сомасы төрт миллион фунт стерлингті құрады.
Біздің серіктес: FONBET