Ағылшынның беделді The Guardian басылымы 2008 жылы туған ең үздік 60 жас футболшының тізімін жариялады. Бұл рейтинг – әлемнің әр түкпірінен шыққан ең талантты жас ойыншылардың әлеуетін көрсететін дәстүрлі Next Generation 2025 жобасы.
Тізімге Қазақстан атынан Дастан Сәтпаев енді. Осылайша, 17 жастағы дарын әлемдік футболдың ең жарқын болашағы бар жастарының қатарына қосылды.
Сонымен қатар, бұл беделді тізімде ТМД елдерінен тағы екі ойыншы бар. Тбилисилік "Динамоның” қорғаушысы Саба Харебашвили және Өзбекстандық "Бунёдкордың” форварды Садриддин Хасанов.
The Guardian Дастанды ерекше атап өтіп, оны "Қайраттың” басты жұлдызы деп сипаттайды. Басылымның жазуынша, Сәтпаев Қазақстан Премьер лигасында небәрі 15 жасында дебют жасап, көп ұзамай Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өз атын жарқырата білді.
Сәтпаевқа Еуропалық скауттар назар аударып, 2025 жылдың қаңтарында "Челси” клубы оны 4 миллион еуроға сатып алған болатын. Англиялық клуб жас шабуылшыдан үлкен үміт күтуде.
Сондай-ақ, Дастанның нарықтағы құны алдағы жылдары бірнеше есе өседі деп болжанып отыр.
Біздің серіктес: FONBET