Дастан Сәтпаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
NEGE.kz мәліметінше биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралды.
Бұл марапат ғылым, мәдениет, қоғамдық қызмет және спорт салаларында жоғары жетістікке жеткен жас азаматтарға беріледі.
"Дарын” сыйлығы жыл сайын 35 жасқа дейінгі Қазақстандықтарға табысталып келеді.
Лауреат атағына ие болғандарға арнайы диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.
Байқау 10 түрлі номинация бойынша өткізіледі, олардың арасында "Әдебиет", "Ғылым", "Спорт” секілді бағыттар бар.
Біздің серіктес: FONBET