Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтан да мықты? Жартылай қорғаушының өнеріне ұлттық команда бас бапкерінің өзі таңқалуда

30.04.2025, 21:10

Ұлттық команданы тізгіндейтін қазақстандық маман Әли Әлиев ҚПЛ-де ерекше көзге түсіп жүрген «Оқжетпес» клубының футболшысы Дәурен Жұматтың өнеріне тәнті.

Дәурен Жұмат
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бас бапкері жас ойыншыны Дастан Сәтпаевпен теңеуді де ұмытқан жоқ. 

«Осы маусымда мені таң қалдыра алған ұжым ол көкшетаулық «Оқжетпес». Әсіресе, Дәурен Жұматты атап өтпесем болмас, осы чемпионатта ол Дастан сияқты 3 гол соғып көзге түскен болатын. Бырақ Дастанға ассист беретін ойыншылар жоғары деңгейдегі жігіттер болса, бұл жолда Жұматтың әріптестерінің әлде қайда әлсіз екенін де атап өту керек», - деді Әли Ханәліұлы. 

Дәурен Жұмат биыл ҚПЛ-дің алты кездесуінде 3 голдың авторы атанған. Жартылай қорғаушының мансабында «Тараз», «Мақтаарал» секілді командалар да болды. «Оқжетпес» пен футболшының келісімшарты биылғы жылдың соңына дейін жарамды. 26-жастағы футболшының нарықтық бағасы 100 мың еуро.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров