«Қайрат» U-17 командасының 16 жастағы шабуылшысы Дәулет Орынбасар Санкт-Петерборда өткен Владимир Казачёнокты еске алу турнирінде үздік ойыншы атанды.
Бұл туралы «Қайрат» академиясының баспасөз қызметі мәлімдеген болатын. Жас футболшы турнирдегі 3 матчта 5 гол мен 2 ассисттің авторы атанды. Биыл осымен XV рет ұйымдастырылған жарыста Санкт-Петербордың «Зенит» жасөспірімдер командасы топ жарған болатын. Жалпы турнирге 2009-жылы туған ойыншылардан құралған төрт елдің командасы қатысқан. Шешуші ойында «Зенит» Беларусьтің АБФФ академиясын 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал екінші кездесуде Алматының «Қайраты» иранның «Сепаханынан» 5:1 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: FONBET