Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевты топ-клубқа дайындаудың маңызды кезеңі басталды. 17 жастағы шабуылшыға «Челси» капитанының әкесі тәлімгер атанды

Бүгін, 11:34

«Nigel James Elite Coaching» футбол академиясы Дастан Сәтпаевты дайындамақ. Бұл туралы «Sports.kz» мәлімдеді.

Найджел Джеймс пен Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

Әйгілі академияның негізін қалаушылардың бірі Найджел Джеймс 17 жастағы шабуылшыға тәлімгер болып, «Челси» сапына кірігуіне көмектеспек.

Айтулы академияның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметке сай англиялық мамандар Қазақстан құрамасының шабуылышысына кәсіби дамуында қолдау көрсетіп, мансаптық жолында жеке менторлық жасамақ. .

«Nigel James Elite Coaching талантты Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетіп, тәлімгерлік ету құрметіне ие болды. Дарынды жас ойыншы келесі маусымда «Қайраттан» лондондық «Челси» клубына ауысуды жоспарлап отыр. 17 жастағы шабуылшы — Қазақстан футболында соңғы жылдары шыққан ең жарқын таланттардың бірі. Осылайша Дастан Сәтпаевты, Nigel James Elite Coaching академиясын және «Челси» клубын қызықты оқиғаларға толы кезең күтіп тұр», – делінген академия хабарламасында.

Ағылшын мамандары футболшының «Челсиге» толыққанды ауысуына дейін жеке дамуына жауап береді. Айта кетейік, Найджел Джеймс – «Челси» клубының қорғаушысы әрі капитаны Рис Джеймстің әкесі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров