Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевты Криштиану Роналдумен салыстырды

11.08.2025, 19:30

Әлеуметтік желідегі H Scout in Eurasia аккаунты Дастан Сәтпаевтың тәртібін жоғары бағалады.

Жарнама
Жарнама

Парақша 17 жастағы Дастанның жаттығу тәртібіне аса жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті:

"Дастан Сәтпаев Криштиану Роналдудың жолымен келе жатыр. "Алдымен кел, соңынан кет“ —ұлылыққа ұмтылғандардың бәрі ұстанатын қағида. Дастан мұны жақсы түсінеді, тіпті командалық жаттығудан кейін де ол қалып, жеке дайындалады." — деп жазды дереккөз.

Дастан Сәтпаев 2026 жылы 18 жасқа толған соң Лондондық “Челси” сапына қосылады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров