Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың трансферлік құны өсті

Transfermarkt порталы қазақ вундеркиндінің трансфер құнына өзгеріс енгізді.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін бағасы 1,2 млн еуроны құрайтын Дастан, қазірде 3 млн еуроға дейін құнын өсіріп алды.  Және сол арқылы қазақстандық ойыншылар арасында ең қымбаты атанды. Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін ел құрамасының бағалы футболшы ретінде Бақтиер Зайнутдинов танылып келген еді (2,8 млн). Енді міне уақыт өте өзін жан-жақты танытып жатқан Сәтпаев Тараздық ағасынан 200 мың еуроға қымбат болды.

Келесі жылы 18 жасқа толған соң, Сәтпаев лондондық “Челсимен” келісім шартқа отырады. Тұманды альбион клубына ауысқан кезде де Дастанның трансфер құны бірнеше миллионға өседі. Айта кететін болсақ, “Челсидегі” ең арзан деген қақпашы Габриэл Слонинаның өзінің бағасы 4 млн еуроға жуықтап қалады. Ақсүйектерге ауыспай тұрып, оның да трансфер құны 2-2,5 млн еуроны құраған. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: