Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаевтың жаңа бапкерінің есімі белгілі болды

05.01.2026, 13:19

Лондондық "Челси" клубы бас бапкер лауазымына басты үміткерді анықтады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Liam Rosenior
Жарнама
Жарнама

Жаңа жылдың алғашқы күні қызметінен кеткен Энцо Маресканың орнын 41 жастағы Англиялық бапкер Лиам Розениор баспақ.

Қазіргі таңда Францияның "Страсбур” клубын жаттықтырып жүрген Розениор бүгін “Көктердің” спорттық басшылығымен ресми кездесу өткізеді. Бұл ауыс-түйіске екі клубтың да ортақ иесі — BlueCo компаниясы мұрындық болып отыр.

Бұл жоспардың аясында "Страсбурдың" өкілдері де Лондонға ат басын тіреді. Олар Розениордың орнына үміткерлермен, соның ішінде "Вулверхэмптонның” бұрынғы бапкері Гэри О’ Нилмен келіссөз жүргізуді көздеп отыр.

"Челси” басшылығы жаңа бапкерді тіркеу мәселесін созбаққа салмай, тез арада шешпекші. Егер тараптар ортақ мәмілеге келсе, Розениор сәрсенбі күні өтетін "Фулхэмге" қарсы матчта-ақ команданы алаңға бастап шығуы мүмкін.

Айта кетейік, Энцо Мареска кеткеннен кейін уақытша бапкер міндетін Калум Макфарлейн атқарған болатын. Оның басшылығымен Лондондықтар "Манчестер Ситимен" өткен түндегі ойында 1:1 есебімен тең түсті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров