Жарнама
Жарнама

Дастан Сатпаев Ағылшын аңызымен салыстырылды

18.10.2025, 20:00

Ағылшын жанкүйерлері Қазақстан футболының жас жұлдызына ерекше назар аударды. "Chelsea Loan Army" атты Х-аккаунт, "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сатпаевтың соңғы ойынын жоғары бағалады.

Дастан – Кристофер Нкунку және Энцо Фернандезпен бірге
Жарнама
Жарнама

25-турда өткен "Қызылжарға” қарсы кездесуде Дастан матчтағы жалғыз әрі жеңіс голын соғып, Алматылықтарға аса маңызды үш ұпай сыйлады. 

Парақша авторлары деді:

"Дастан Сатпаев тағы да гол соқты. Оның ойынында Майкл Оуэнге ұқсас бір нәрсе бар." — деп жазды Chelsea Loan Army, голдың бейнежазбасын қоса жариялап.

Айта кетейік, 17 жастағы Дастан Сатпаев 2026 жылы, 18 жасқа толған соң, ресми түрде "Челси” сапына қосылады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров